«Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес колледждерді ірі бизнеске қамқорлыққа алу тәжірибесі бар. Бүгінгі таңда 498 кәсіпорын 410 колледжді қамқорлыққа алуда. Биыл осы бірлескен жұмыс іске асырылатын болады. Сонымен қатар кадрларды даярлауды арттыру мақсатында алғаш  рет колледждерге академиялық дербестік берілді. Биылғы оқу жылынан бастап колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп оқу бағдарламаларын жасап, оқыту мерзімдерін еңбек нарығына сәйкес бірге анықтайды.  4000 білім беру бағдарламасы бекітілді. Дайындық жұмыстары жалғасады», - деді спикер.