«Құжат бойынша жұмыс 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Бірақ біз әлі де кейбір ұстанымдар бойынша консенсусқа қол жеткізе алмай отырмыз. Біз  Беларусьте жұмыс істейтін арнайы импорттаушы институттың күшін жоюды талап етеміз, ол Қазақстан мен ЕАЭО-ның басқа да елдерінің тауарлары үшін еңсерілмейтін кедергі. Беларусь тарапы өзінің алкоголь импортына квота енгізуді ұсынады. Бірақ бұл ұстанымдар бойынша біздің де ұстанымымыз теріс. Біз Еуразиялық одақтың бүкіл кеңістігіндегі алкогольдік тауарларға арналған кедергіні толық жоюды талап етеміз», — деп Премьер-Министр орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин.

Статистика деректері бойынша Қазақстанның алкоголь ішімдіктерінің ішкі нарығында осы жылдың 1-жартыжылдығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, импорт 15,7%-ға ($18,5 млн) өсті.

Ресей Федерациясынан алкоголь өнімінің импорты 31,9%-ға өсіп, $14,9 млн-ды құрады, БР-нан импорт 7,7%-ға өсіп, $2,8 млн-ды құрады. 

Бұл ретте ҚР-нан ЕАЭО елдеріне экспорт 24,8%-ға қысқарды және барлығы $10 млн (РФ-да – $10 млн, ҚР-да – $0,02 млн). БР-на экспорт нөлге тең.

«Бізде әріптес елдер Қазақстанға алкоголь экспортын арттырып, ЕАЭО аясындағы міндеттемелерін толық орындайтын және тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін жағдай қалыптасады. Біздің тауарларымыз кемсітілген жағдайда, Үкіметіміздің тауарларға “айна” шараларын енгізуге мүмкіндігі бар. Қазақстанның ұстанымын серіктестер біледі, шектеулерді алып тастаудан бас тартқан жағдайда, Қазақстан ішкі нарықты қорғаудың жауапты шараларының кешенін әзірлеуге ниетті», — деп түйіндеді Жұманғарин.

Тараптар ымыралы шешімге келу үшін талқылауды жалғастыруға келісті. Мәселе биылғы қазан айында кезекті отырыста қайта енгізілетін болады.