Сондай-ақ жоғары оқу орындары Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандартындағы жаңалықтарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

«Жоғары оқу орындарында 1 курс студенттерін қабылдау аяқталуда, олардың әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалды. Бүгінгі таңда оқу процесін офлайн форматта бастауға барлық оқу жабдықтары дайын, тексеруден өтті. Қажет болған жағдайда жоғары оқу орындары академиялық саясатқа және жаңа оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру форматына өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарайтын болады», - деді спикер.