Кеншілер күнін Павлодар облысының әкімі ашып, Екібастұз кеншілерінің елдің индустриялық дамуындағы маңыздылығын атап өтті.

- Кеншілер күні екібастұздықтар үшін ерекше мереке, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. - Жоғары біліктіліктің арқасында Екібастұзға елдегі көмір өндірудің жалпы көлемінің үштен бірі тиесілі. Өңірді дамытуға қосқан үлестері үшін кәсіпорын ұжымдарына ризашылығымды білдіремін.

Екібастұздың дамуына қосқан жеке үлесі үшін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен разрез қызметкерлері марапатталды, тағы 20 шақты шахтер облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын алды.

Іс-шара Иса Байзақов атындағы облыстық филармония әртістері мен Екібастұз қаласының жергілікті би ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды. Кештің хедлайнерлері қазақстандық эстрада жұлдыздары - Әбдіжаппар Әлқожа, Ayree және Мәдина Сәдуақасова болды. Қаланың бас алаңына 25 мыңға жуық тұрғын жиналды.