Қазақстандық музыканттар фестивальге ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының арнайы шақыруымен қатысуда.

Қазақстандық оркестр "Қазақ елі", "Қазақ вальсі", "Азия дауысы", "Салтанат шеруі", "Сүгірдің термесі" және "Қазақ сувенирі"сияқты танымал композиторлардың шығармаларын орындайды.

Сондай-ақ, халықаралық аренада "Ұлы дала" Президенттік оркестрінің жетекші музыканттары Жандос Мұхтаровтың және "Наурыз" Талғат Бердіғұловтың шығармалары орындалады.

Қазақстанның Президенттік үрмелі оркестрін дирижер, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі, өнертану ғылымдарының магистрі Құрмет Бейсембаев басқарады.