Оның айтуынша, ғылыми-зерттеу бағытында академияда 6 халықаралық ғылыми жоба жүзеге асырылса, ғалымдар республика көлемінде 18  жобаны жүзеге асыруға атсалысуда. 

«Бүгінгі күні академия ұстаздарының сапалық құрамы артып келеді. Бұл даму заңдылығы. Қазіргі уақытта жоғары оқу орнымызда сапалық көрсеткіш 44% құрап отыр. Олардың ішінде ғылым докторлары - 12,  профессорлар - 10,  Қазақстанның халық әртісі – 5, ғылым кандидаттары 68, доценттеер - 18, PhD докторы - 31, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – 41, мемлекеттік наградалардың иегерлері - 14. Академиямызда сапалы контингент қалыптастырусыз жоғары оқу орны дамымайтыны белгілі. Кемел контингентті қалыптастыру мақсатында академия көлемінде кешенді білім берудің түрлі деңгейін қамтитын инфрақұрылым жұмыс істейді. Атап айтсақ, мектеп-интернат, колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура. Бұл бағыттар бойынша білім алып жатқан жалпы тәлімгерлер саны 2719 құраса, оның 2008-і бакалавриат деңгейінде, 114-і магистратура,  22-і  докторантура, 370 – колледж, 205 – мектеп деңгейінде білім алады. 2021-2022 оқу жылында әлемдік аренада өзінің бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп, ұлттық өнерді ұлықтаған 110 студент халықаралық фестивальдерге қатысып, 45-48 лауреат атанып, жеңімпаз болып шықты», - деді академия ректоры. 


А.Сатыбалдының айтуынша, жыл сайын талапкерлер саны артуда. Былтыр  консультация алуға 900 талапкер келсе, биыл олардың саны 1200 жетті. Іріктеуден өткен үміткерлер саны 702, ал оның 300-і грантқа ие болды.