​​Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Ақтөбе қаласына келіп, Ақтөбе облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты. Үкімет басшысы депутаттарға ҚР Президентінің облыс әкімі қызметіне Ералы Тоғжанов пен Асхат Шахаровтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 160 депутаттың 104-і Е. Тоғжановтың кандидатурасына дауыс берді, ал 56-сы А. Шахаровты таңдады.

 

Е.Л. Тоғжанов туралы

2022 жылғы 31 тамыз

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылсын.

 

Қазақстан Республикасының

            Президенті                                                            Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 31 тамыз

               № 994