«Биылғы бірлескен экспедиция нәтижелі болды. Мұндай тастың Моңғолияда 3 данасы бар. Біріншісі - Білге қағанда, екіншісі - Күлтегін ғұрыптық кешенінде, үшіншісі, - осы кешенде. Тастың көлемі 2,3-2,6 артық. Ортасында 80 см шеңберлі тесік бар. Салмағы - шамамен  2,5 тонна. Бұл үнемі кешендердің батыс жағында болады. Кешеннің айналасында су арығы бар. Күн шығысқа қарай балбал тастар тізбегі бар. Зерттеулер барысында екі қошқар тас мүсіні және екі күшігі бар арыстан мүсіні табылды. Олар кешеннің ортасында орналасқан. Бұл кешеннің қағанға тиесілі екенін дәлелдейді. Тағы бір дәлелі – Күлтегін, Білге қағанның бітік тасының төбесінде Ашина таңбасы бар. Бұл кешенде бес балбалдан Ашина таңбасы анықталды. Орналасқан жердің де табиғаты ерекше»,  - деді орталық  жетекшісі.