Тоқаев: "Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты қайтарым алуы тиіс. Сондықтан мен жариялаған балалар жылы аясында "Ұлттық қор – балаларға" қағидатты түрде жаңа бағдарламасын бастау өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынамын.

Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді. Қор шын мәнінде ұлттық мәртебеге ие болады және халықтың мүдделеріне қызмет ететін болады. Осы ауқымды бастаманы тыңғылықты пысықтау қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын".