"Синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Динамика күрт теріс: соңғы үш жылда айналымнан алынатын "синтетика" көлемі 10 есе өсті. Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қол жетімді болып барады. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы еш кедергісіз сатылады және тіпті үйге жеткізіледі. Осы аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткілерді өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипатқа ие болуға тиіс. Сондықтан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу қажет".