Отырыста үш мәселе қаралды:
- Индустриялық сауда-логистикалық кешенінің (ИСЛК) жобасын іске асыру (Қазақстан-Қырғыз шекарасында), сондай-ақ, оны «Қарасу» автожол өткізу пунктімен реконструкциялау/салу және жаңғырту жобасымен интеграциялау;
- «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының (Қазақстан-Өзбекстан шекарасында) жобасын іске асыру, сондай-ақ, «Дарбаза-Мақтарал» теміржолы және «Сарыағаш қаласының айналма жолы» автомобиль жолдары құрылысының жобаларымен интеграциялау.
- Трансшекаралық хабтарды дамытудың 2025 жылдарға арналған бірыңғай стратегиясын әзірлеу.
ИСЛК және ХӨКО іске асыру жобаларының егжей-тегжейін жан-жақты талқылау үшін барлық мүдделі қатысушылармен қыркүйекте Премьер-Министр орынбасарының міндетін атқарушы Серік Жұманғариннің қатысуымен көшпелі кеңестер өткізу туралы шешім қабылданды.