Дөңгелек үстел барысында қатысушылар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу аясында тұрғын үй реформасын іске асырудың проблемалық мәселелерін талқылады.

Вице-министр Мемлекет басшысының Жолдауы аясында аталған реформаны сапалы және уақытылы жүзеге асыру, көппәтерлі тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жаңарту мәселелерінің өзектілігі одан әрі арта түскенін атап өтті.

Айта кетерлігі, өңірлерде пәтер иелері бірлестіктері мен қарапайым серіктестіктерді басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша жақсы көрсеткіштер бар. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 46 522 көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа нысандарына көшуге жатады және 42 мыңнан астамы жаңа нысанға көшкен. Оның ішінде, 5 мыңға жуығы ОСИ, 37 634 – қарапайым серіктестік нысанына.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сонымен бірге Шымкент қаласында басқарудың жаңа нысандарына көшу толығымен аяқталды.