«Ең маңызды бағыттардың бірі - адами капиталдың дамуы. Ауылдық жерлерде ауруханалардың дамуы, фельдшерлік пункттердің ашылуы – бұл өзекті мәселелердің бірі. Себебі бүгінде ауылда 7,5 млн жуық адам тұрады. Бұл жалпы халықтың 38,8%. Адам өмірінің сапасы, жалпы адамның әл-ауқаты денсаулықтан басталады. Бұған пандемиядан кейін көзіміз жетті. Тағы бір ауқымды бағыт – мемлекеттік басқару. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі, жаңаша көзқарас, жаңа механизмдер – елімізде ұлттық жобаларды жүзеге асыруға тиімді әсерін тигізеді. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі олқылықтар жаңартуды, жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан осы бағытқа үлкен мән берілді. Үшінші бағыт - саяси институттардың одан әрі дамуы. Президент, парламент сайлауын өткізуге қатысты ұсыныстар Қазақстандағы саяси институттардың одан әрі дамуына септігін тигізіп, Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттарды ары қарай дамытуға мүмкіндік береді», - деді Жолдыбалина.