«Жолдауда тұрақты дамудың негізі айтылды. Оның қағидасы ешкімді назардан тыс қалдырмау керек. Жөргектегі баладан зейнеткерге дейін бәрінің мүддесі айтылды. Бұл Жолдаудың негізгі ерекшелігі. Жол мәселесі де көтерілді. Жергілікті жерлерде жағдайы жақсы жолдарды 95% жеткізу керек. Бұл өзекті мәселенің, әлеуеттік, экономикалық маңызы бар. Сондай-ақ қауіпсіздік жағынан да маңызды. 2021 жылдың басындағы статистикаға сүйенсек, қанағаттанбайтын жолдардың үлесі 65% жуық елді мекендер бар, бірақ оның үлесі 6 пайызды ғана құрайтын елді мекендер де бар. Ең әуелі шалғай жатқан елді мекендердегі мәселе шешілсе, бұл тауар бағасының қымбатшылығына, адамдардың әлеуметтік жағдайына әсерін тигізеді деп  ойлаймын», - деді сарапшы.