Гүлзат Асанова бірнеше күн өткеннен кейін, күйзеліс жағдайы өткенде, психологиялық қолдауға деген қажеттілік барынша сұранысқа ие болатынын атап өтті.

Осыған байланысты Одақ психологтары зардап шеккендерді психологиялық қолдау және мамандар үшін супервизия (кеңес беру) бойынша өтеусіз акция өткізу туралы шешім қабылдағанын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған ұйым мұндай акцияны қаңтар айындағы орын алған төтенше жағдай кезінде де өткізген болатын.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты Қостанай облысының тұрғындарын қолдауға көмек білдірген одақтың психологтарына шын жүректен алғыс білдіреді.

Сілтемені басу арқылы психологтардың тізімімен және олардың байланыс номерлерімен таныса аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/310658?lang=kk