«Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында мұнай өңдеу көлемі және жанар-жағармай өндірісі ұлғайтылды – дизель отыны өндірісінің 2022 жылға арналған болжамы 5,2 млн тоннаны құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 300 мың тоннадан астам және 2020 жылға қарағанда 640 мың тоннаға артық. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3,53 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға артық. Сондай-ақ дизель отыны экспортының жалғасып отырған шектеуін ескере отырып, ПМХЗ-да жөндеу басталғанға дейін 2021 жылғы 1 маусымдағы 233 мың тоннамен салыстырғанда 1 маусымға 402 мың тонна көлемінде елеулі қор қалыптастырылды. 2021 жылғы қыркүйекте автожанар-жағармай станцияларында еркін саудада шектеулер байқалған кезде мұнай базаларындағы қалдықтар 113 мың тоннаны, жиынтық қалдықтар 219 мың тоннаны құрады», - деді министр.
Ведомство басшысы жоспарланатын өндірісті ескере отырып, 2022 жылдың қыркүйек айының соңында мұнай базаларындағы қалдықтар 153 мың тонна, жиынтық көлемі 275 мың тонна деңгейінде болжанып отырғанын айтты.