«Нақтырақ айтатын болсақ, бензин өндіру қуаты 70%, яғни 2,9 млн тоннадан 5,1 млн тоннаға дейін, дизель отыны 30%, 4 млн тоннадан 5,2 млн тоннаға дейін артты. Ал авиаотын өндіру қуаты 2 еседен астам, 0,3 млн тоннадан 0,67 млн тоннаға дейін өсті.Айта кетейік, бензин бойынша біз Қазақстан Республикасының қажеттілігін толығымен жауып отырмыз. Ал дизель отынын тұтыну 30% айтарлықтай өскені байқалады. Бұған ең алдымен көрші елдерге кетіп жатқан «көлеңкелі экспорт» себеп болып отыр. Жағдайды тұрақтандыру үшін «ҚазМұнайГаз» бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. Атап айтқанда, Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын ауыстыру туралы шешім қабылданды, бұл нарықты қосымша 150 мың тоннаға дейін дизель отынымен қамтамасыз етеді. Ал ҚТЖ қажеттілігін жабу үшін 100 мың тоннаға дейін дизель отыны Ресейге импортталады», - деді басқарма төрағасы.