«Ең алдымен, Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты жылына 14,2 млн тоннадан 17,2 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Екіншіден, Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарын 2022 жылдан 2023 жылға және Атырау мұнай өңдеу зауытын жөндеуді осы жылдың соңына ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ ҚТЖ қажеттілігін өтеу үшін 100 мың тоннаға дейін дизель отыны импортталады, ал артылған дизель отынының көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін жабуға бағытталатын болады»,  - деді спикер.


Оның айтуынша, ішкі жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру бойынша жүйелі іс-қимылдар жасау керек. Атап айтқанда, кезең-кезеңімен нарықтық бағаға көшу, өңірлерде тұтынуға кемінде 14 күндік резерв қалыптастыруды қамтамасыз ету. Одан бөлек, жұмыс істеп тұрған битум шығаратын «Caspi Bitum» мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 1 млн-нан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайту қажет.