Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккен тұрғындар үшін 807 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Оның шамамен 200 тоннасы Қостанайға жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте партия Хатшысы Дәулет Кәрібек мәлімдеді. Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік қана емес, сондай-ақ жеке гигиена заттары, құрылыс материалдары да бар. Қазақстан бойынша мыңнан астам волонтер гуманитарлық көмек жинаумен айналысуда.
«Төтенше жағдай орын алған сәттен бастап «AMANAT» партиясы көмек қолын созуға кірісіп кетті. Партия мүшелері зардап шеккен тұрғындарға тікелей сол жерде қолдан келген көмек көрсетіп жатыр. Оқиға орнына «Жастар Рухы» жастар қанатының 300-ден астам волонтері барды, олар гуманитарлық көмекті жүк көліктерінен түсіруге және таратуға жәрдемдесуде. Мұның бәрі қазақстандықтардың бірлігін, олардың өз отандастарына көмек көрсету үшін жұдырықтай жұмыла алатынын дәлелдейді. «AMANAT» партиясы да белсене атсалысуда», - деді Дәулет Кәрібек.
Сондай-ақ партия мүшелері «Қайырымдылық KZ» қорына қаржы аударуда.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!