Кешеден бері гуманитарлық көмек қабылдау пункттері бүкіл ел бойынша «AMANAT» партиясының өңірлік филиалдарында ашылды. Олардың жұмысына жергілікті жерлердегі «Жастар рухы» жастар қанатының 1200-ден астам еріктісі жұмылдырылды.
«800 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді, бұл өрт сөндірушілерге үлкен көмек. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұшып келіп, адамдармен кездесті. Біз, саяси партия ретінде, осы мәселені шешуде қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын барлық адамдарды қолдаймыз. Жұмысымыздың аясында «Жастар рухы» жастар қанаты еріктілер желісін жұмылдырылды. Олар осы мәселелерді шешуге көмектеседі. Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! біздің партиямыз, біздің адамдарымыз әрқашан Сіздермен бірге екенін ұмытпаңыздар. Қазақстандықтар әрдайым қолдауға дайын», - деді спикер.