Кездесу барысында қатысушылар Көміртекті бейтараптық стратегиясын іске асыруды талқылады. Атап айтқанда, энергия тасымалдаушыларға бағаның өсуі, болжамдарды өзектендіру және қоршаған ортаны қорғау шеңберінде жобаны жетілдіру мәселесі талқыланды.

Доминик Шнихельс экономиканы декарбонизациялау және көміртегі бейтараптылығына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде Қазақстанға өз қаражатын, технологиялары мен білімін инвестициялауға дайын бірқатар неміс компанияларының бар екенін атап өтті.

Өз кезегінде Әлібек Қуантыров ҚР-ң осы бағытта ынтымақтасуға дайын екенін хабарлап, Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізгі тармақтары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, тараптар Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының желісі бойынша ынтымақтастықты күшейтуге келісті.

Жалпы, қатысушылар Қазақстан мен Германияның инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастығын жоғары бағалап, одан әрі сауда-экономикалық әріптестікті нығайтуға дайындығын білдірді.