Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жасар қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады.

Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен Мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді.

Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды.