ҰШҚҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары және құралымдарын бірлесіп даярлаудың 2022 жылға арналған жоспарында әскери-ғылыми конференцияны өткізу регламенттелген.

Іс-шараға ҰҚШҰ-ға мүше елдер қорғаныс ведомстволарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласының мамандары, базалық оқу-әдістемелік ұйымдардың, Хатшылық пен Біріккен штабтың өкілдері қатысты.

Қазақстандық делегацияны Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бастығы полковник Ильнур Бисембаев басқарып барды.

Ол сөйлеген сөзінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен семинарлар, технологиялық жаттығулар, оқу-жаттығулар, зертханалық жұмыстар түрінде практикалық және техникалық бағыттағы бірлескен іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар ақпарат қауіпсіздігіне қатысты барынша өзекті қауіп-қатерлер мен оларға қарсы іс-қимыл шаралары туралы мәлімет алмасуды тұрақты түрде іске асыруды жолға қойған жөн деді.

Пленарлық отырыста конференцияға қатысушылар ақпарат  қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер төңірегіндегі мәселелерді де қарастырды. Одан өзге ұлттық қарулы күштерде ақпараттың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жайлы тәжірибе жинап, пікір алмасты.

Конференцияның нәтижелері бойынша қатысушылар әскери салада ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса өзекті екенін атап өтіп, өзара іс-әрекетті жетілдіру жөнінде ұсыныстар пысықталды.