Сапар аясында Понтификтің Мемлекет басшысымен кездесуі (13 қыркүйек), Қазақстан жұртшылығы мен дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеуі (13 қыркүйек, «Қазақстан» орталық концерт залы), Мессасы (14 қыркүйек, ЭКСПО аумағы), сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне (14-15 қыркүйек) қатысу жоспарлануда. Қазақстанға әлемнің түрлі елдерінен 3000-ға жуық қажылар келеді деп күтілуде.

Бұл туралы Қазақстан СІМ ресми өкілі А.С. Смадияровтың БАҚ өкілдеріне өткізген брифингіде мәлім болды.  

Католик Шіркеуінің Басшысы Қазақстанға екінші рет келіп отырғанын атап өтеміз. Рим Папасы Францисктің елімізге мемлекеттік сапары Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға 2001 жылы келгеннен кейін алғаш рет өтеді. Бұл Қасиетті Тақтың Қазақстанның әлемдік аренадағы, және бірінші кезекте, бейбітшілік жолындағы диалогты нығайту ісіндегі маңызды рөлін мойындағанын айғақтайды.