«Бозбие» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері 30-ға жуық отбасы тұратын 80 тұрғын үй құрылысы бар және шекара бөлімшесі орналасқан Волгоград кентіне қарай жылжыған өрт ошағын оқшаулады.

«Қондыбай» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілері өткізу пунктінің аумағына өрттің таралуына жол бермеді. Тұрғын үй құрылыстары, қару-жарақ пен оқ-дәрілер және жанар-жағармай қоймасы орналасқан бекет іргесіне жақын келген өрт дер кезінде сөндірілді.

Сондай-ақ, «Хозрет»  шекара бөлімшесінің учаскесінде де қызыл жалын ауыздықталды.

Өрт шалған жердің жалпы аумағы 100 гектардан асты.