"AMANAT" партиясының облыстық филиалы Қызылорда қаласында, 7 аудан мен Төретам кентінде 9 гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ашып, күнделікті азаматтар көмек көрсетуде.

Бүгінгі күнге 30 тоннадан астам заттар жинақталды. Қабылданып жатқан заттар: бұзылмайтын азық-түліктер, жылы киім- кешектер мен көрпе –төсектер, тұрмыстық техникалар мен жабдықтар, гигиеналық заттар, балалардың оқу құралдары мен канцеляриялық заттар, құрылыс материалдары.

Сыр елінің белсенділері кәсіпкерлері де қаржылай көмек көрсететін болады.

Облыс атынан гуманитарлық көмектің арнайы жүк көліктері Қостанай облысына 6 қыркүйек күні  жолданады деп жоспарлануда.