Жарыс 10 шілдеден бастап әр өңірде өткізілді, іріктеу кезеңінің жалпы жүлде қоры-63 миллион теңге. Бүгінгі таңда Tartyl Fest рекорды - 50.

«Tartyl Fest – бұл үлкен спорт мерекесі. Ол белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталған. Еліміздің 12 мыңға жуық азаматы осындай ауқымды жарысқа қызығушылық танытып, қатысқаны қуантады. Қазір көпшілік қауым «жастарымызды пернетақтадан жұлып алу мүмкін емес» дейді, бірақ осындай ауқымды спорттық оқиға ол пікірді жоққа шығарады. Мына жарыс соның айқын дәлелі», – деді Дәурен Абаев.

Еліміздің 20 қаласының әрқайсысында 9 санатта 27 жүлдегер анықталды. Бірінші орын үшін қатысушылар 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды, екінші орын үшін – 100 мың теңге, үшінші орын үшін – 50 мың теңге.

Енді барлық жеңімпаздар қазан айында өтетін үлкен финалда кездеседі және жарыста кім үздік  екені анықталады. Бірінші орын үшін жеңімпаз бірнеше миллион теңге алады.