«Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жинаудың жалпы алаңы 23,4 млн га құрады, оның ішінде 16,1 млн га құрайды. Айта кетейік, егіс науқаны сапалы тұқымдарды қолдана отырып, оңтайлы мерзімде жүргізілді. Фермерлер уақытында тыңайтқыштар енгізіп, арамшөптер мен ауруларға қарсы дақылдарды химиялық өңдеуді уақытылы жүргізді. Бұл өз  кезегінде дақылдардың жағдайына оң әсер етті. Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 147,7 мың трактор, 38,1 мың астық жинайтын комбайн, 13,3 мың дестелегіш, 73,4 мың трактор тіркемесі бар», - деді вице-министр.


Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жаппай егін жинау жұмыстарын бастау үшін «Жасыл даму»  АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылық техникасын жеңілдікпен несиелендіру тетігі пысықталды. Жеңілдікті лизингке шамамен 40 млрд теңге бағытталды. 2022 жылғы 5 тамыздан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ барлық филиалдарында осы бағдарламаларға қатысуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 44,7 млрд теңге сомасына 874 өтінім қабылдады. Бұл ретте қаржылық лизинг шарты 345 өтінім бойынша 18,4 млрд теңге сомасына жасалды. 11,9 млрд теңге сомаға 160 өтінім мақұлданды.