Оның айтуынша, Энергетика министрлігімен бірлесіп облыс операторларын мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесі бекітілді. 


«Жергілікті атқарушы органдардың хабарлауынша, шілде және тамыз көлемдерін өңірлер толығымен алып отыр. Қазіргі уақытта облыс операторлары дизель отынының қыркүйек айындағы көлемі үшін шарттар жасасу, төлеу және жөнелту рәсімдерін жүргізуде. Мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынының бағасы тоннасына 222 мың теңгені немесе литріне 184 теңгені құрайды. Операторлардың шығындарын ескере отырып, фермерлер үшін республика бойынша орташа баға литріне 203 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 15-20% арзан. Сондай-ақ ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында оның ішінде, жеңілдетілген дизель отынын егін жинау жұмыстарына уақытылы жеткізу мәселелерін шешу үшін Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша ішкі жанар-жағармай нарығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды. Жалпы,  дизель отынын жеткізу жоспарлы режимде жүзеге асырылуда», - деді спикер.