Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады: 08 қыркүйекте шығыста, 10 қыркүйекте батыс, солтүстік-батыста – қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ жаууы. Сондай-ақ түнде Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтілуде. Елдің солтүстік жартысында ауа температурасы: түнде 2-12, күндіз 15-25 жылы, батыста 2-14, күндіз 10-24 жылы, орталықта және шығыста 1-18, күндіз 15-32 жылы, оңтүстік жартысында 10-23, күндіз 20-35 жылы болады.