Форум "Астана" халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) өтеді және оған мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші отандық және халықаралық сауда желілерінің, маркетплейстердің, қаржы және АТ саласының топ-менеджерлері, кәсіпкерлер мен тәуелсіз сарапшылар қатысады.

Форумды ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Mastercard қолдауымен BTS Education компаниясы ұйымдастырды.

Форум бастамашыларының айтуынша, іс-шара қазақстандық компанияларды digital-компанияға трансформациялау процесін жақсарту жолдарын бірлесіп іздеу үшін стартаптарды, кәсіпкерлерді, жоғары оқу орындарын, мемлекет пен технологиялық компанияларды біріктіру, сондай-ақ электрондық коммерция саласындағы үздік практикалармен жыл сайын алмасу үшін жаңа жайлы кеңістік құру, аймақтардағы  цифрлық  экономиканы жақсартуға көмектесетін нақты іс-әрекеттер мен өнімдерді ұсыну мақсатында өткізіледі.

https://ecommerce.gov.kz/ecommerceday 

Аккредиттеу: 2022 ж.07.09 20:00-ге дейін.

Жауапты тұлға: Айнұр Әлмұханова - +7 (776) 714-19-95