Жақында ғана Зайсан ауданындағы өрт сөндірілді, бір тәулік бойы өрт сөндірушілер Марқакөл көлінің жанындағы отпен күрес жүргізуде. Мұнда отты оқшаулап, оның елді мекендерге таралуына жол бермеді. Жағдай тұрақты бақылауда.

Қазір жергілікті құтқарушылар, жергілікті атқару органдар мен орманшылықтардың барлық күштері Алтай ауданындағы қол жетпейтін шоқылы жерде отпен қызу күрес жүргізуге бағытталып отыр.

Осы мақсатта арнайы Алтай ауданына келіп, жағдайдың барысымен жекелей таныстым. Мұнда өртті жою үшін авиация қолданылады: МИ-8 тікұшақтары және АН-24 ұшағы. Айта кету керек, тұрғындарға қауіп жоқ, эвакуация жоспарланбаған. Өрт аумағы 700 га құрайды.

Таңертең мен Глубокое ауданының Каменный карьер ауылында болдым, онда 40 га алаңда өрт сөндіру жүріп жатыр, 500-ден астам адам жұмылдырылды, олардың арасында құтқарушылар ғана емес, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен Ұлттық гвардияның жауынгерлері де бар.

Оқиға орнында 50 бірлік техника жұмыс істейді, полицейлер трассаны патрульдеуді жүзеге асырады. Барлық облыс тұрғындарына айтарым - қазір қауіпті өрт жағдайы қалыптасып, ол ыстық ауа-райымен күрделене түсуде.

Сондықтан ашық жерлерде от жақпау және абай болу өте маңызды. Жоғары жауапкершілік танытсақ, ауыр жағдайды алдын алуға болады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/422765?lang=kk