Оның айтуынша, жергілікті маңызды мәселелерді жедел шешу мақсатында жергілікті жерлердегі өкілеттіктер кеңейтіледі. Бұл үшін орталық және  жергілікті мемлекеттік құрылымдардың жаңа функцияларды орындауға дайындығын ескере отырып, орталықсыздандыру қағидаттары мен шектері айқындалады. 


«Бұл шаралар мемлекеттік басқарудың сервистік және «адамға бағдарланған» моделін құруға мүмкіндік береді. Президент өз Жолдауында әлеуметтік-экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты азаматтардың әл-ауқатын  сапалы және инклюзивті арттыру болып табылатынын атап өтті. Жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру,  бәсекелестікті дамыту, ұлттық табысты әділ бөлу басымдықтар ретінде белгіленді. Жалпы алғанда, білім беру және денсаулық сақтау жүйелері арқылы азаматтарға инвестиция салатын және неғұрлым осал әлеуметтік топтарға қолдау көрсете отырып, барлығы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін  экономикалық дамудың ашық және болжамды моделі құрылады», -  деді спикер.


Ведомство басшысының айтуынша, саясатты іске асыру, сондай-ақ сыртқы күйзелістерден болатын салдарды нивелирлеу үшін беріктік қорын арттыруға мүмкіндік береді және экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін негіз болады.