ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Төтенше жағдайлар министрлігінен  бюджеттік өтінім келіп түсті. Ол бойынша Үкімет резервінен 2,3 млрд теңге бөлінеді. 

«Бұл нысаналы қаражат. Ол үйлердің құрылысына жұмсалады. Есептеулер бойынша, бұл қаржы 91 нысанға бөлінеді. Әрқайсысына 25 млн теңгеден. Бұл қаражат аудан орталығынан 10 сотықтан бөлінген жер учаскелерінде әрқайсысының ауданы 100 ш м құрайтын үйлерді салуға жұмсалады. Су, электр қуаты және жол қамтамасыз етіледі», - деді министр өз жауабында.