Кездесулерде ү.ж. шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру процесі талқыланды. Екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға басты назар аударылды.
САК Инвестициялар министрі Халид бен Абдулазиз әл-Фалихпен келіссөздер барысында ҚР СІМ басшысы қазақстан-сауд сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының оң динамикасын атап өтті. М.Тілеуберді Қазақстан мұнай-химия өнеркәсібінде, жасыл энергетиканы дамыту саласында, металлургия және тау-кен секторларында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеу саласында сауд инвесторларымен өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті.
Әлемдегі ең ірі мұнай-химия өндірушісі «SABIC» компаниясының басшылығымен кездесуде химия, мұнай-газ химиясы және тыңайтқыштар өндірісі саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Айта кету керек, еліміз тыңайтқыштар өндірудегі «SABIC» компаниясының тәжірибесі мен технологияларына, атап айтқанда газдан жасалған соңғы бөліністегі өнім өндірісін жолға қоюдағы құрылыс жобасы бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктеріне мүдделі. Бұл ретте компания Қазақстанның полимерлік өнім өндірудегі әлеуетіне назар аударды.
«Maaden» компаниясының директоры Роберт Уилтпен келіссөздер барысында инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл компания әлемдегі оныншы ірі тау-кен компаниясы бола отырып, алтын, фосфаттар, бокситтер, мыс және т.б. қоса алғанда, пайдалы қазбалардың алуан түрлі портфелі үшін құн жасаудың инновациялық, толық интеграцияланған тізбегін дамытады.
Өз кезегінде Министр тау-кен өндіру компаниясын ынтымақтастыққа шақырып, табиғи ресурстардың қорлары мен тау-кен металлургия кешенін дамыту перспективалары туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол тау-кен металлургия кешені Қазақстандағы ең бәсекеге қабілетті кешеннің бірі екенін, металлургия мен тау-кен өнеркәсібінің үлесі ҚР ЖІӨ-нің 14,4%-ын құрайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, сұхбаттастарға кен орындарын барлау және өндіру бойынша міндеттемелердің орындалмауын анықтау мақсатында Қазақстанда жүргізіліп жатқан кен орындарының аудиті туралы ақпарат берілді. Аудит қорытындысы бойынша бұл кен орындары жаңа инвесторларға беру үшін аукционға шығарылады.
Сондай-ақ, Министр «Ajlan & Bros. Group» холдинг тобының Бас директоры Али әл-Хазмимен кездесіп, Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыру, сондай-ақ энергетика және тау-кен металлургия кешені салаларында ынтымақтастықты жолға қою мәселелерін талқылады. Бұл компания АӨК, энергетика, тау-кен металлургия кешені және туризм салаларында маманданған Таяу Шығыс өңіріндегі ең ірі жеке конгломераттардың бірі. Саудиялық бизнесмен компанияның қазақстандық серіктестермен барлық келісімдері кестеге сәйкес орындалып жатқанын хабарлады.