Жағдай бақылауға алынды, профилактикалық, өртке қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ, әңгіме барысында Қасым-Жомарт Кемелұлына облыста өткізіліп жатқан егін жинау науқаны туралы ақпарат берді. Бүгінгі күні жаздық егістіктің 60% шабылып, бастырылды, өнімділік 10,5 ц/га құрады.

Аймақ басшысы штаттық режимде өтіп жатқан жылыту маусымына дайындық туралы айтты. Жалпы, нысандардың дайындығы 98% - дан асады, жөндеу компаниясына қарастырылған қаражат толық көлемде игерілуде.

Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен таныстырды.