Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді.


«Қабылданған шаралардың нәтижесінде стрестік активтердің көлемі 7,7 трлн теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін төмендейді, бұл банк жүйесі активтерінің 6%-ын құрайды. Стрестік активтерге төлеу мерзімі 90 күннен асқан проблемалық кредиттерден басқа қайта құрылымдалған кредиттерді, өндіріп алынған мүлікті және банктердің еншілес ұйымдарына берілген проблемалық кредиттер стресс активтер көлеміне кіреді.
Көрсетілген стрестік активтер негізінен экономикалық айналымға тартылуы қажет кепілдерінің тұрақты түрлерімен қамтамасыз етілген», - деді Қизатов.