Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді.

«Спикер стрестік активтердің меншік иелері мынадай қызметтерді көрсетеді: қарыз шарты туралы ақпаратты жинау, өңдеу, есепке алу, әкімшілендіру, талдау, оның орындалуын мониторингтеу; жеке инвестор мен борышкер арасында одан әрі бірлескен қызмет (бизнес) үшін келіссөздер процесін құруды қоса алғанда, борышкермен және оның өкілімен және кредитормен міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау; қайта құрылымдауды ұйымдастыру - қарыз алушының қарызға қызмет көрсету бойынша орын алған немесе күтілетін қиындықтарын шешу мақсатында қарыз шарттарының тәртібі мен талаптарын кез келген өзгерту; және т.б. Сервистік компаниялардың функционалдары тиісті тәжірибесі мен құзыреті бар банктердің стресстік активтерімен басқару жөніндегі еншілес ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге беріледі», - деді спикер.

Сондай-ақ заң аясындағы деңгейде сервистік компаниялар үшін капитал мөлшері, нарықтағы жұмыс тәжірибесі, мінсіз іскерлік беделінің болуы және қадағалау шаралары мен санкцияларының болмауы жөніндегі жоғары талаптар белгіленетін болады.

Агенттік белгіленген талаптарға сәйкес келетін сервистік компаниялар тізілімін жүргізіп, олар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастырады. Бұл қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, себебі аталған ұйымдар Агенттіктің реттеу аясына жатады.