Оның айтуынша, заңды тұлғалардың 50 млн теңгеден кем берешегі бар ұсақ қарыздарын сатып алу кезінде; жеке кәсіпкерлерден қарыз алу кезінде; қарыздарды бейрезиденттер сатып алған кезде кредиттерді сервистік компанияларға сенімгерлік басқаруға беру жағдайлары көзделген. 


«Қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында банктік қарыз және микрокредит шарттары шеңберінде кредитордың қарыз алушымен өзара қарым-қатынастарына қойылатын барлық талаптар мен шектеулер жеке инвесторға қолданылған. Мұндай талаптар мен шектеулерге, мысалы, қарыз алушының жағдайын жақсартатын талаптарды қоспағанда, шартты біржақты өзгертуге тыйым салу, айыпақы есептеу бойынша шектеулер, қаражат жетіспеген кезде берешекті өтеу кезектілігі, банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі өткен кезде кредитордың іс-қимыл жасау тәртібі және т.б. жатады. Осылайша, қарыз алушылардың құқықтары жеке инвесторлар мен сервистік компаниялар алдында қорғалатын болады»,  -  деді Қизатов.


Сонымен  қатар Заңда банктер мен микроқаржы ұйымдарының балансында өндіріп алынған мүліктің, яғни проблемалық кредитті өтеу есебіне банктің меншігіне өткен мүлік түріндегі стрестік активтің болуы үшін 3 жыл шекті мерзімді белгілеу көзделеді. Бұл банктерді және микроқаржы ұйымдарды стрестік активтерді экономикалық айналымға жедел түрде тартуға ынталандырады. Осылайша, қабылданған заң стрестік активтерді экономикалық айналымға тарту арқылы стрестік активтердің қайталама нарығын дамыту үшін берік негіз жасайды.