Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.
«Халық саны 50-ден 500 адамға дейінгі елді мекендерде медициналық пункт, ал халық саны 500-ден 1500 адамға дейінгі ауылдарда (бұрын 800-ден 1500-ге дейін) - фельдшерлік-акушерлік пункт ашылады, бұл халыққа 3 медицина қызметкерінің (бұрын 1 медицина қызметкері) көмегін тигізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ халық саны 1500-ден 5000 адамға дейін (бұрын 10 000-ға дейін) – дәрігерлік амбулаториялар және халық саны 5000-нан астам ауылдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары ашылады. Бұл өзгерістер ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек алуының қол жетімділігін жақсартады», - деді А.Ғиният.