«Марат Сәметұлын бүкіл әлемдегі миллиондаған музыка сүйер қауым біледі және жоғары бағалайды. Асқан шеберлігіңіздің арқасында сіз АҚШ, Еуропа және Азияның ең беделді алаңдарын бағындырдыңыз. Бұл биік марапат ерен еңбегіңіздің тағы бір дәлелі», - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, Марат Бисенғалиев Бирмингем консерваториясының профессоры, AAPRO Азия-Тынық мұхит аймағы оркестрлері Альянсы директорларының бірі.