«Өткен жылға келетін болсақ, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен, елорда әкімдігінің және Нұр-Сұлтан қаласы үстел теннисі федерациясының қолдауымен Тәуелсіздік сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында үстел теннисінен турнир өткен болатын. Аталған шараға 80 мемлекеттік қызметші қатысты. Ал жыл соныңда елордада 31 желтоқсан күні спорт сүйер қауым арасында бүкіләлемде орын алған пандемияға қарсы акцияны қолдай отырып, «Жаңа жылдық жүгіру – 2022» бұқаралық жүгіру өткенін де атап өткім келеді», - дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ астананың триатлон саябағында қысқы жүгіруден жарыс өтті, жарысқа шамамен 250-дей қала тұрғыны мен қонақтары қатысты. Қатысушылар 5 жас санаты бойынша сынға түсті, атап айтқанда, 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары. «Qysqy jugiru» жарысының негізгі қашықтығы шақырымды құрады.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын 406 552 адам қамтылды, бұл тұрғындардың жалпы санының 33,08%-ын құрайды (2020 ж. – 340 459 адам немесе 29,7%), 3,38%-ға өсті. 2025 жылға дейін қамтуды 35 пайызға дейін арттыру жоспарлануда», - дейді Самат Жылқыбаев.