"Golden time talent" - бұл әлемнің 39 елінен 7 жастан 60 жасқа дейінгі суретшілер қатысатын ауқымды байқау. Ол бейбітшілік және халықтар арасындағы өзара түсіністікке бағытталған арт-мәдениетті насихаттауға арналған.

Бұған дейін Яна 1-4 тамыз аралығында Көкшетаудағы "Балдәурен" лагерінде өткен республикалық суретшілер байқауында гран-при жеңіп алып, 250 мың теңгенің сертификатын алған болатын. Ол сондай-ақ Түркияда өткен "Түркияның күн сәулелі үйі" халықаралық суретшілер байқауына жолдама жеңіп алып, гран-при иегері атанды. Енді оқушы жылдың желтоқсан айында Египеттегі халықаралық байқауға қатыспақ. Сарапшылар оның туындыларын жоғары бағалап, мектеп оқушысын Лондондағы "Golden time talent" халықаралық суретшілер көрмесіне шақырды.

Қатысушылардың жұмысын 60-тан астам қазылар алқасы бағалайды, оның құрамында ЮНЕСКО өкілдері, әлемнің әртүрлі елдерінің үздік суретшілері бар.