Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (электрондық нұсқасы) generation.kaz@gmail.com поштасы арқылы, (қағаз нұсқасында) Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс) мекенжайы бойынша қабылданады.

Байланыс номерлері: 8 (7172) 74-12-78, 8 (702-000-88-12). 

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды);

3) шығыстар сметасының жобасы;

4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс.

ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймолдинов ел жастарына «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурсқа қатысу мүмкіндігін беру және барлық өңірлердің жастарын қамтуды кеңейту мақсатында конкурстық өтінім қабылдау мерзімін ағымдағы жылғы 25 қыркүйекке дейін ұзарту туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Конкурсқа қатысуға және өз мүмкіндіктеріңізді сынап көруге шақырамыз.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидалары (жүктеу)

қосымша ақпарат (жүктеу)

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына 1-қосымша (жүктеу)

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына 2-қосымша (жүктеу)