Сондықтан бұл мәселеде бірлікті нығайту керек. Біз бұл жолда одан әрі алға ұмтылуымыз шарт. Жария түрде барлық проблеманы бірге шешуіміз керек. Сондықтан дінге бейтарап қарамауға тиістіміз”, - деді Рим папасы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде.

Рим Папасы Абай туралы :
"Осы жердің ең атақты ақыны - оның қазіргі әдебиетінің атасы- #Абай. Ол артында діншілдікпен сусындаған туындылар қалдырды, онда осы халықтың жан дүниесіндегі ең жақсы нәрсе көрсетілген - бейбітшілікті аңсайтын және соған ұмтылатын үйлесімді даналық".
"Абай адамзаттың бастауы - махаббат пен әділдік екенін еске салады. Ешқандай жағдайда зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Адамға лайықты қасиет - балаларға, жас ұрпаққа ерекше қамқорлықпен өткізетін кездесулер, ақылдасып, бір бірін құрмет тұту арқылы, шыдамды келіссөздер. Абай осыған байланысты білімін кеңейтуге, өз мәдениетінен тыс шығуға, таным, тарих және басқалардың әдебиетін қабылдауға шақырды. Өтінемін, қару-жараққа емес, білімге ақша салайық"
Рим Папасы бүгінде ең үлкен қауіп факторы әлі де кедейлік екенін атап өтті. Осы орайда Абайдың "Аштыққа ұшырағандар анық ойлап, оқуда құлшыныс таныта ала ма?" деген сөзін айтып өтті.
"Кейінгі онжылдықта бұл дін басшылары арасындағы диалогтың басты тақырыбы болды. Абай: "Зұлымдыққа кедергі келтірместен жол беретін адамды шынайы діншіл деп санауға болмайды", - дейді. Бауырлар мен әпкелер, әрқайсымыз зұлымдықтан арылуымыз керек. Қазақтың ұлы ақыны осыны талап етті", - деді Рим Папасы.