«Дүние махаббат пен әділдікке негізделген. Абай «Адамзаттың бастауы – махаббат пен әділдік, (...) бұл – Алла Тағаланың жаратқан тәжі» екенін еске салады. Ешбір жағдайда зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды», - деді Рим Папасы. 

Қасиетті билікке тірек болмау керек, ал билік киеліге сүйенбеу керектігін атап көрсетті.

«Құдай – бейбітшілік және Ол әрқашан бейбітшілікке жетелейді, ешқашан соғыспайды.Сондықтан да жанжалдарды күшпен, қарумен және қоқан-лоққылардың пайдасыз дәлелдерімен емес, тек қана бейбіт жолмен шешу қажеттігін алға жылжытуға және нығайтуға көбірек күш жұмсайық. Осы арқылы Тәңірі лайықты адамға батасын береді: балалар мен жас ұрпаққа ерекше қамқорлықпен жүргізілетін кездесу, диалог, сабырлы келіссөздер. Олар бейбітшілік азапты келіссөздердің нәзік нәтижесі емес, олардың прогресс пен болашақ туралы армандарын орындауға жақындататын үздіксіз білім берудің жемісі деп үміттенеді. Абай осыған байланысты білімді кеңейтуге, өз мәдениетінің шегінен шығуға, өзгенің білімін, тарихын, әдебиетін қабылдауға шақырды. Менің өтінішім, қару-жараққа емес, білімге инвестиция салайық!», - деді Рим Папасы Франциск.