Кездесу барысында тараптар метан шығарындыларын азайту үшін өзара ынтымақтастық және Қазақстанға қолдау көрсету туралы Меморандумға қол қойды.

Метан шығарындыларын азайту, мониторингті, есептілікті және әр түрлі салалардағы верификацияны жақсарту біздің еліміз үшін маңызды міндет болып табылады. ЕҚДБ Қазақстанның энергетика және газ тасымалдау, ауыл шаруашылығы, қатты-тұрмыстық қалдықтар мен су бұру саласындағы негізгі секторларға баса назар аудара отырып, осы бағыттағы күш-жігерді қолдауға ниетті.

Меморандумды іске асыру шеңберінде тараптар метанды азайту саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыруға кірісуге, сондай-ақ ең үздік халықаралық практика мен стандарттарға сәйкес газдың осы түрін реттеудің жаңа құралдары бойынша мүмкіндіктерді пайдалануды қарауға дайын.

Меморандум елдің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуіне ықпал ететін болады.