«Қор экономиканың негізгі секторларын бақылау үшін жеткілікті мажоритарлық пакетке ие инвесторға айналады деп жарияланды. Бұл ретте компанияларды ауқымды жекешелендіру жүргізіледі. Біз Үкімет бекіткен жеткілікті деңгейде теңдестірілген бағдарлама әзірледік. Нәтижесінде бәсекелес ортаға берілетін компаниялардың көлемі 105-тен 254-ке дейін ұлғайтылды. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» компаниясында жергілікті биржалардағы IPO үшін жеткілікті түрде белсенді дайындық жұмыстары жүргізілді. Қыркүйектің екінші жартысынан бастап Қазақстан қалаларында халықтың қалың жігін қамтамасыз ету және тарту үшін родшоу өткізу жоспарланып отыр. «AirAstana» бойынша - компания IPO-ға дайын, халықаралық IPO-ны таргеттеу көзделген. Халықаралық нарықтар қалпына келтірілгеннен кейін қажетті қаражатты тарту үшін осы компаниямен шығуға дайын боламыз. «Самұрық-Энерго» екігі бөлінеді. Біріншісі – SamrukGreenCo-да барлық «жасыл» акциялар шоғырланатын болады - бұл ЖЭК, ГЭС объектілері. Екінші компанияда электр энергиясын өндіру үшін табиғи қазбаларды пайдалануға байланысты барлық активтерді шоғырландырылады. SamrukGreenCo компаниясы IPO-да Қазақстан Республикасындағы басқа да активтерді жинақтайды деп жоспарлап отырмыз», - деді спикер.
KEGOC бойынша Үкіметпен бәсекелес ортаға берілетін акциялар көлемін ұлғайту келісілді. Қазіргі уақытта IPO-ға дайындық, мәміле құрылымын қалыптастыру және заңнамалық өзгерістерді пысықтау жүргізілуде. QazaqGaz компаниясы бойынша компанияны IPO-ға шығару жөніндегі Жол картасы қалыптастырылды. QazaqAir қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру, қарыздарды қайта құрылымдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Инвесторларға арналған компаниялар туралы толық ақпарат ipo.sk.kz сайтында жарияланған.