«Съезд хатшылығының отырысында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VIII съезін өткізу мерзімдері де қаралды. Оны 2025 жылы Қазақстан астанасында өткізу ұсынылды. Декларацияда тиісті ұсыныс бар», - деді Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу салтанатында.

Бұған дейін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі барысында қорытынды декларация қабылданатыны хабарланған болатын.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіндегі Англикан шіркеуінің арнайы өкілі Доркинг епископы Джо Бейли Уэллс VII съездің қорытынды құжатын жариялады.

14 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ашылуы болды. Негізгі тақырып – «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі».