«Бауырлар, әпкелер, таңғажайып көпконфессиялы және көп мәдениеттілігінің арқасында ертеңгі күнге ашық, өткеннің қаншама қасіреттің куәсі болған Қазақстан халқы – болашақтың үлгісі. Бұл мысал бізді асқақтық пен бауырмалдықты ұмытпай, Алла Тағалаға құлшылық етіп, басқаны қабылдауға, болашақты құруға шақырады. Бауырлар, үміт пен келісімді жасаушы, татулық пен бірліктің жаршысы болып жер бетінде бірге жүріп, сапарымызды жалғастырайық!». Бұл туралы Рим Папасы Франциск Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жабылу салтанатында айтты.

14 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ашылуы болды. Негізгі тақырып – «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі».

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі барысында қорытынды декларация қабылданды. Қорытынды құжатты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіндегі Англикан шіркеуінің арнайы өкілі Доркинг епископы Джо Бейли Уэллс жариялады. Декларация 35 тармақтан тұрады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің Декларациясы БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады.